"ALT" педагогикалық колледжінің студенттері арасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен туберкулез ауруының алдын алуға арналған "Туберкулезге "ЖОҚ" дейміз!" тақырыбында ақпараттық-ағартушылық кездесу өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың денсаулық сауаттылығын арттыру, туберкулез ауруы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру және оның алдын алу жолдарын түсіндіру.
Іс-шара барысында студенттерге туберкулездің жұғу жолдары, алғашқы белгілері, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы және одан қорғану шаралары туралы маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, иммунитетті нығайту және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі айтылды.
Туберкулез – алдын алуға және емдеуге болатын ауру.
Ең бастысы – бейжай қарамау, уақытылы тексерілу және өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарау.