"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №224 мектептің 6-сынып оқушыларына арналған "Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Жасөспірімдер дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларымен танысып, таңғы астың маңызы, су ішу тәртібі, дәрумендер мен құнарлы тағамдардың ағзаға әсері жөнінде пайдалы ақпарат алды. Сұрақ - жауап әдісімен оқушылардың қаншалықты ақпаратты екендігі тексерілді.
Сондай-ақ фастфуд, тәтті газдалған сусындар мен шамадан тыс қант тұтынудың кері әсері түсіндірілді.
Дұрыс таңдау – мықты денсаулықтың негізі!