«Ана мектебі» ҚҚ «SOS — Астана балалар ауылында»
жастарға арналған шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері, репродуктивті денсаулықты сақтау негіздері туралы ақпараттануын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушыларға:

🔹 жыныстық жетілу кезеңіндегі физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер;
🔹 жеке бас гигиенасын сақтау;
🔹 репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау;
🔹 қауіпсіз мінез-құлық қағидалары;
🔹 өзіне және өзгелерге құрметпен қарау;
🔹 денсаулыққа қатысты сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда медициналық мамандарға дер кезінде жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы әрі практикалық ұсыныстармен танысты.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
12.08.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda