Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі!
2026 жылғы 7 қыркүйек күні Астана қаласы «Ана мектебі» ҚҚ ұйымдастыруымен №69 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" тақырыбында танымдық лекция өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың маңызы, пайдалы және зиянды тағамдар, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы қызықты ақпараттар алды. Балалар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға белсенді жауап берді.

Балалық шақтан қалыптасқан дұрыс тамақтану әдеті - мықты денсаулықтың негізі!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
07.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda