7 қыркүйек күні Астана қаласы "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №69 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" тақырыбында танымдық лекция өткізілді.
Лекция барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсері, пайдалы тағамдарды таңдау, дәрумендердің маңызы және күнделікті тамақтану мәдениеті туралы пайдалы ақпараттармен танысты.
Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.