"Дене белсенділігі және спорт" семинары
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларына арналған "Дене белсенділігі және спорт" тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында дене белсенділігінің адам денсаулығына пайдасы, спортпен тұрақты айналысудың маңызы және белсенді өмір салтын қалыптастыру жолдары туралы ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді қозғалыс белсенділігін арттыруға, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Қозғалыс – денсаулық кепілі! Спорт – сергектік пен күштің бастауы!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda