"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т. Кәкішұлы атындағы №94 мектеп-лицейінде оқушыларға арналған "Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны, никотинге тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ зиянды әдеттерден бас тартудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, темекі шегудің зияны туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Зиянды әдеттен аулақ бол – денсаулығыңды сақта!