"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Астана медициналық университетінде жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алуға арналған ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында ЖЖБИ-дің таралу жолдары, негізгі белгілері, алдын алу шаралары және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат берілді.
Қатысушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіп факторларынан сақтану және уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат алды.
Денсаулық – әр адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталады!