Отбасы күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында Аналар алқасының мүшелері қоғамның барлық өкілдерімен жүздесті. Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, мектеп пен университет жастарына, күміс әрі алтын той иелеріне және қиын жағдайға тап болған жандарға дейін қамтылып, отбасы құндылықтары төңірегінде ауқымды сұқбаттар жүргізілді. Аға буын мен жас толқын арасындағы сабақтастық таразыланып, жылдық жоспарды сараптауға қажетті маңызды ақпарат жиналды.
Апталық аясында, әсіресе, отбасын құру қарсаңындағы жастардың сұранысына ерекше мән берілді. Іс-шараларда ажырасу көрсеткіші, қателіктерден сабақ алу, адам тану және бірін-бірі өзгертпей, бірге өсу сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Екі жақтың бір-біріне лайықты жар болуы мен қиындықтарды бірге еңсеруі отбасын нығайтудың басты шарты екені айтылды.
Осы кешенді шараларға бағыт-бағдар беріп, басы-қасында жүрген Ботагөз Ахтаева бастаған Аналар алқасының мүшелеріне ризашылық білдіреміз. Әрбір шаңырақта жылылық пен түсіністік орнап, бақытты отбасылар мен қуанышты балалардың қатары көбейе берсін!