Астанада 6-сынып оқушыларына темекіге қарсы тренинг өтті
Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына арналған темекі шегудің алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинар барысында оқушыларға темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны, денсаулыққа кері әсері және темекі шегудің алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.

Сондай-ақ балаларға салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Семинар-тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы ақпарат алды.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
21.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda