Астанада 400-ге жуық адамның қатысуымен «Денсаулыққа қарай бірге» атты іс-шара өтті

Денсаулыққа қарай бірге

«TAŃSHOLPAN» бағдарламасынан үзінді

Астанада Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шара өтті.

Осы орайда «Денсаулыққа қарай бірге» қалалық іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салауатты өмір салтын (СӨС) ұстануды және спортты дамытуды ұлт денсаулығының негізгі шарты деп санайды. Ұлттық құрылтайдың отырысында спортты, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттаудың маңыздылығын баса айтты.

Аталған күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын атап өтіледі және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды халықаралық күндердің бірі болып табылады. 2026 жылдың тақырыбы - «Денсаулық үшін бірге. Ғылыммен бірге».

Қалалық іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге назар аудару, салауатты өмір салтын (СӨС) дәріптеу, белсенді өмір сүру дағдысын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ зиянды әдеттерден арылуға ықпал ету.

Астана қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Айнұр Сәкенқызы Төлеуова, Астана медициналық университеті м.ғ.докторы, профессор Айман Аяшқызы Мусина және кәсіби спортшы, ММА бойынша әлем, Азия және Еуразия чемпионы, джиу-джитсудан 10 дүркін Қазақстан чемпионы, жауынгерлік самбодан 7 дүркін чемпион, панкратионнан 5 дүркін чемпион, грэпплингтен Азия чемпионы, Әлем және Еуразия деңгейіндегі жарыстардың жеңімпазы, әуесқой спортта 300-ден астам жеңістерге жеткен Василий Тахтай сөз сөйлейді.

Іс-шараны Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты басқармаларының қолдауымен, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша «Ана мектебі» қоғамдық қоры ұйымдастырған.
07.04.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda