Астанада жоғары сынып оқушыларына
нашақорлықтың алдын алу тренингі өтті
Астана қаласы әкімдігінің №33 орта мектебінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына арналған нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына және өміріне тигізетін зияны, тәуелділіктің қауіптілігі және оның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат берілді.

Сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс орта қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және өмірде саналы таңдау жасаудың маңыздылығы түсіндірілді.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
21.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda