Салауатты өмір салты - жарқын болашақтың бастауы!
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру - бала денсаулығын сақтаудың және оның үйлесімді дамуына жол ашудың маңызды шарты.

Осы мақсатта "Ана мектебі" ҚҚ Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 6 -сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Кездесу барысында жас ұрпаққа құнарлы тағамның пайдасы, пайдалы ас таңдаудың маңызы және денсаулықты күтудің қарапайым қағидалары туралы мағлұмат берілді.

Өйткені бүгін қалыптасқан пайдалы әдет - ертеңгі мықты денсаулықтың кепілі.
Әр баланың дені сау, өмірі мәнді, болашағы жарқын болсын!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
06.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda