Дұрыс тамақтану - тек ас ішу мәдениеті емес, ол өз денсаулығыңа деген құрмет, өмірге деген жауапкершілік пен болашаққа жасалған саналы қадам.
Осыған орай "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" тақырыбында танымдық семинар өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер пайдалы тағамның адам ағзасына әсері, теңгерімді тамақтанудың маңызы және күнделікті өмірде дұрыс таңдау жасаудың қажеттілігі туралы мағлұмат алды.
Бүгінгі жасөспірім - ертеңгі ел тірегі. Ал дені сау ұрпақ қалыптастыру әр баланың бойына салауатты өмір салтының құндылықтарын сіңіруден басталады.
Өзіңді күт. Денсаулығыңды бағала. Болашағыңды бүгіннен баста!