Денсаулық - адам өміріндегі ең асыл қазына, ал оны қорғау күнделікті әдет пен
саналы таңдаудан басталады.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу тақырыбында танымдық семинар болып өтті.
Кездесу барысында оқушыларға вирустық инфекциялардан сақтану жолдары, жеке гигиенаны сақтау, иммунитетті нығайту және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.
Салауатты болашақ - бүгінгі қамқорлықтан басталады!