"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларына семіздіктің алдын алу тақырыбында танымдық семинар өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың, күнделікті қозғалыстың және белсенді өмір салтын ұстанудың денсаулықты нығайтудағы маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар өз ағзасына жанашырлықпен қарау, пайдалы әдеттерді қалыптастыру және денсаулықты бағалай білу жайында маңызды ойлар айтылды.
Сұлулықтың өлшемі - сыртқы келбет емес, денсаулық пен өмірге деген сүйіспеншілік.
Өзіңді күт, денсаулығыңды бағала, әр күніңді сергектік пен қуатқа толтыр!