"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында қант диабетінің алдын алу тақырыбында танымдық семинар өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың, тұрақты дене белсенділігінің және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар қант диабетінің қауіп факторлары мен денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы маңызды ақпарат берілді.
Денсаулық - баға жетпес қазына. Оны сақтау - бүгіннен басталатын саналы таңдау!