Денсаулық - зор байлық!
2026 жылғы 6 қазанда К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алуға арналған танымдық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға вирустық инфекциялардан қорғану жолдары, жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, бөлмені желдету және салауатты өмір салтының маңызы түсіндірілді. Балаларға денсаулықты күту - күнделікті әдеттен басталатыны айтылып, аурудың алдын алу әр адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталатыны жеткізілді.

Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
06.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda