Денсаулықты күту - бала кезден басталады!
К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қант диабетінің алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың, күнделікті қозғалыстың және пайдалы әдеттерді қалыптастырудың денсаулық үшін маңызы түсіндірілді. Балалар өз денсаулығына қамқорлық жасаудың алғашқы қадамдарымен танысып, салауатты өмір салтының мәнін ұғынды.

Дені сау бала - бақытты балалық шақтың, жарқын болашақтың кепілі!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
06.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda