К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларына «Ана мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Балаларға вирустардан қорғанудың қарапайым жолдары, қолды дұрыс жуу, жеке гигиенаны сақтау және айналасындағы тазалыққа мән берудің маңызы түсіндірілді. Кездесу барысында денсаулықтың қадірін білу, өзіне қамқорлық жасау және пайдалы әдеттерді күнделікті өмірге енгізу қажеттігі бала санасына түсінікті тілмен жеткізілді.
Бүгінгі дені сау бала - ертеңгі жарқын болашақ!
Әр баланың күлкісі шаттыққа, әр күні қуанышқа толы болсын!