К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен демікпенің (астманың) алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға тыныс алу мүшелерінің саулығын сақтау, қоршаған ортадағы аллергендер мен тітіркендіргіш факторлардан сақтану, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар тыныс алудың қиындауы сияқты белгілерге бейжай қарамай, дер кезінде ересектерге хабарлап, медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы атап өтілді.
Әр баланың тынысы еркін, денсаулығы мықты, болашағы жарқын болсын!