Тазалық - саулық кепілі!
"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына жіті ішек инфекцияларының алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға қолды сабындап жуу, таза су ішу, жеміс-жидектерді мұқият жуу және тағам тазалығын сақтау туралы маңызды кеңестер берілді. Балаларға күнделікті қарапайым тазалық ережелерінің денсаулықты қорғаудағы рөлі түсіндірілді.

Тазалықты серік еткен бала - денсаулыққа қамқор бала!
Салауатты әдеттер әр күннен басталады.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
07.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda