№69 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жедел ішек инфекцияларының алдын алу" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға қолды сабынмен дұрыс жуу, жеміс-жидектер мен көкөністерді тазалап тұтыну, таза су ішу және тағамның қауіпсіздігіне мән беру туралы маңызды ақпарат берілді.
Балаларға тазалықты сақтау - өз денсаулығына деген қамқорлық екенін түсіндірудің маңызы зор.