К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жедел ішек инфекцияларының алдын алу" тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында жедел ішек инфекцияларының пайда болу себептері, олардың алдын алу жолдары және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушыларға қолды тамақтанар алдында және дәретханадан кейін жуу, сапалы әрі қауіпсіз тағам тұтыну, таза су ішу және азық-түлікті дұрыс сақтау қажеттілігі айтылды.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау - бүгіннен қалыптасатын пайдалы әдет.