Темекі шегудің алдын алу: 6-сыныпқа арналған дәріс
К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға темекі өнімдерінің өсіп келе жатқан ағзаға зияны, никотинге тәуелділіктің қалыптасуы және оның денсаулыққа тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттерге қарсы тұру, өз таңдауына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстану мәселелеріне назар аударылды.

Балалық шақ пен жасөспірімдік кезең - денсаулыққа пайдалы әдеттер қалыптасатын маңызды уақыт. Сондықтан әр баланың зиянды әдеттерден аулақ болып, өз болашағын саналы түрде таңдауы ерекше маңызды.

Темекісіз өмір - еркін тыныс, мықты денсаулық және жарқын болашақ!


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
09.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda