Нағыз күш - зиянды әдетке "ЖОҚ!" деп айта білуде!
К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында темекі мен никотин өнімдерінің адам ағзасына зияны, никотинге тәуелділіктің қаупі және оның тыныс алу жүйесіне, жүрек-қан тамырларының жұмысына әсері талқыланды. Сондай-ақ электронды темекілердің де денсаулыққа зиян келтіретініне назар аударылды.

Жасөспірім үшін ең маңыздысы - сәнге немесе орта қысымына ермей, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау. Себебі бүгінгі таңдау ертеңгі өмір сапасына әсер етеді.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
09.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda