К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу бойынша маңызды дәріс өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге инфекциялардың таралу жолдары, қорғану шаралары және репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Дәрістің негізгі мақсаты - оқушылардың медициналық сауаттылығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бағыт беру.