Ішек инфекцияларының алдын алу: 7-сыныпқа арналған дәріс
К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша танымдық дәріс өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға ішек инфекцияларының таралу жолдары, тағам қауіпсіздігі, жеке бас гигиенасы және аурудың алғашқы белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Алған білімін күнделікті өмірде қолдану - денсаулықты қорғаудың маңызды шарты.
Әрбір саналы әдет өзіңнің және айналаңдағы адамдардың саулығына үлес қосады.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
09.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda