К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларына дұрыс тамақтану тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушылар пайдалы тағамдардың маңыздылығы, көкөністер мен жемістердің пайдасы, дәрумендердің ағзаға әсері және күнделікті тамақтану тәртібі туралы қызықты мәліметтер алды.
Дұрыс тамақтану - баланың сергек жүруіне, жақсы өсуіне және сабақта белсенді болуына көмектесетін маңызды әдет. Бүгіннен қалыптасқан пайдалы дағдылар ертеңгі мықты денсаулықтың негізі болады.