№104 мектептің 11-сынып оқушыларына "Мінез-құлыққа байланысты қауіп факторларының, соның ішінде темекі шегудің алдын алу" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында темекі мен никотин өнімдерінің адам ағзасына зияны, никотинге тәуелділіктің салдары және оның болашақ денсаулыққа әсері туралы маңызды мәліметтер айтылды. Сонымен қатар құрдастар қысымына қарсы тұру, өз ұстанымын қорғай білу және саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы талқыланды.
Жасөспірімдік шақ - болашаққа бағыт беретін маңызды кезең. Бүгін қалыптасқан әдеттер ертеңгі өмір сапасына әсер етеді. Сондықтан өз денсаулығын бағалау, зиянды әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын таңдау - кемелдік пен жауапкершіліктің белгісі.