Жұқпалы аурулардың алдын алу: 11-сыныпқа арналған кездесу
"Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен №107 мектептің 11-сынып оқушыларына "Жұқпалы аурулардың алдын алу" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында жұқпалы аурулардың таралу жолдары, жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы, қолды дұрыс жуу, бөлмені желдету, салауатты өмір салтын ұстану және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралу қажеттілігі түсіндірілді.

Болашаққа қадам басқан жас ұрпақ үшін денсаулық мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені өз денсаулығын күту - өз өміріне ғана емес, айналасындағы адамдардың амандығына да қамқорлық жасау.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
09.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda