Репродуктивті денсаулық - болашаққа жауапкершілікпен қарау
Астана қаласындағы №119 мектепте қыз балаларға арналған "Репродуктивті денсаулықты сақтау: контрацепция, АПВ инфекциясының алдын алу және вакцинация" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Дәрістің негізгі мақсаты - қыз балалардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету және аурулардың алдын алудың маңызын түсіндіру.

Кездесу барысында контрацепцияның маңызы, адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу жолдары және вакцинацияның денсаулықты қорғаудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жеке гигиенаны сақтау, медициналық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа қатысты дұрыс шешім қабылдау мәселелеріне назар аударылды.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
12.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda