Қыз денсаулығы - ұлт болашағының негізі
Астана қаласындағы №32 мектепте қыз балалардың репродуктивті денсаулығын сақтау тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәріс өткізілді.

Дәрістің басты мақсаты - жасөспірім қыздардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру, медициналық сауаттылығын арттыру және өз денсаулығына саналы түрде қарауға бағыт беру.

Кездесу барысында контрацепцияның маңызы, адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу және вакцинацияның қорғаныштық рөлі кеңінен түсіндірілді. Қыз балалар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, денсаулықты сақтаудың алдын алу шаралары туралы маңызды мәліметтермен танысты.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda