Астана қаласы "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығында "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен үй жағдайында қан қысымын өлшеу туралы ақпарат берілді. Бүгінде қан қысымының тез көтеріліп немесе төмен түсіп кетуі жиі болатын жайсыз жағдай. Бұл жас талғамайтын денсаулық ақауы болып тұр. Сондықтан үй жағдайында өз бетінше қан қысымын өлшей алу және сәйкес әрекеттер жасай білу туралы ақпарат мамандар тарапынан кеңінен таратылғаны дұрыс. Аталған орталыққа зейнет жасынан асқан егде адамдардың көп келетінін ескерсек бұл ақпарат өте қажет екенін түсінеміз. Іс-шара барысында белсенді кері байланыс орнады және сұрақтарға жауап берілді.
Профилактика- ең тиімді ем.
Іс-шара Астана қаласы "Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" тапсырысымен орындалды.