Астана қаласындағы №19 мектепте "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған "Репродуктивті денсаулықты сақтау: контрацепция, АПВ инфекциясының алдын алу және вакцинация" тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.
Қыз баланың денсаулығы - оның жарқын болашағының маңызды негізі. Ал денсаулықты қорғау ең алдымен дұрыс ақпараттан, саналы таңдаудан және өзіне деген жауапкершіліктен басталады.
Дәріс барысында репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары, контрацепция туралы негізгі түсініктер, адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу және вакцинацияның маңызы түсіндірілді. Қыз балаларға аурулардың алдын алу шаралары, медициналық сауаттылық және денсаулыққа қатысты сұрақтар бойынша мамандардан кеңес алудың маңыздылығы айтылды.