"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №15 мектепте қыз балалардың репродуктивті денсаулығын сақтау тақырыбында маңызды ақпараттық дәріс ұйымдастырылды.
Қыз баланың денсаулығы - оның бүгінгі әл-ауқаты ғана емес, ертеңгі өмірінің де маңызды бөлігі. Сондықтан жасөспірім шақтан бастап өз ағзасын түсіну, денсаулыққа қатысты сенімді ақпарат алу және алдын алу шараларын білу ерекше мәнге ие.
Дәріс барысында контрацепцияның маңызы, адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу жолдары және вакцинацияның қорғаныштық рөлі сөз болды. Қатысушыларға репродуктивті денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары түсіндіріліп, медициналық сауаттылықтың маңыздылығы атап өтілді.