Өз денсаулығыңды таны - болашағыңды қорға!
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №75 мектепте қыз балаларға арналған
репродуктивті денсаулықты сақтау тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәріс өткізілді.

Қыз баланың денсаулығы - ерекше қамқорлық пен дұрыс ақпаратты қажет ететін маңызды құндылық. Жасөспірім шақта денсаулыққа қатысты сауатты көзқарас қалыптастыру - болашаққа жасалған маңызды қадам.

Кездесу барысында контрацепция туралы түсініктер, адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясының алдын алу және вакцинацияның маңызы талқыланды. Қыз балаларға инфекциялардың алдын алу жолдары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және медициналық көмекке уақытылы жүгіну жөнінде ақпарат берілді.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
19.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda