"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен 28-мектепте қыз балаларға арналған "Репродуктивті денсаулықты сақтау: контрацепция, адам папилломавирусының (АПВ) алдын алу және вакцинация" тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында қыз балаларға репродуктивті денсаулықты қорғаудың маңыздылығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, контрацепция әдістері және АПВ-ға қарсы вакцинация туралы түсінікті ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына, дұрыс шешім қабылдауына және өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді.