"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен К. Мырзалиев атындағы Бином мектебінде қыз балаларына репродуктивті денсаулықты сақтау тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында контрацепция әдістері, адам папилломавирусының (АПВ) алдын алу және вакцинацияның маңызы туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Қыз балалар өз денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және жеке саулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы мәліметтер алды.
Жасөспірім қыздарға денсаулық туралы дұрыс ақпарат беру – олардың өзіне сенімді, саналы әрі жауапты болып қалыптасуына жасалған маңызды қадам.