Ана сүті несімен пайдалы?
Нәрестелер үшін ана сүті – ешбір басқа тағам түрімен салыстыруға болмайтын ең құнды әрі алмастырылмайтын өнім деп саналады.

Академик Е. Д. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының дәрігер-диетологы Жанна Нурберген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланың алғашқы алты айында тек ана сүтімен қоректендіріп, кейін емізуді екі жасқа дейін және одан да әрі қарай жалғастыруды ұсынатынын атап өтті.

«Бұл ана сүтінің құрамы баланың жасына және қажеттіліктеріне қарай өзгеріп, әр кезеңде ең қоректік заттармен қамтамасыз ететіндігіне байланысты. Ана сүтінің кез келген басқа өнімдерден басты айырмашылығы – оның «тірі» әрі күрделі биологиялық құрамында. Сүт құрамы тәулік уақытына, ананың тамақтануына және сәбидің жасына қарай өзгереді, соның арқасында ол әрқашан аса пайдалы болып қала береді», – деді Жанна Нурберген.

Оның айтуынша, ана сүтін баланың алғашқы «вакцинасы» деуге болады. Өйткені оның құрамындағы антителолар (IgA, IgG, IgM) нәрестені респираторлық инфекциялардан, ішек ауруларынан, вирустық және бактериялық жұқпалардан қорғайды.)**

Толық нұсқаны көру.


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
05.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda