Былтыр елімізде 1,5 мыңнан аса адам биологиялық қоспаны заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, яғни олар халыққа мемлекеттік тіркеуден өтпеген қауіпті өнімдерді сатып келген.
Ал 2024 жылы 107 биологиялық қоспаның 28-сі техникалық регламент талабына сәйкес келмей, сатудан алынды. Дегенмен дәріхана мен дүкен сөрелерінде кеселге әкеп соқтыратын тауарлар әлі де бар. Себебі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шағым түссе немесе жоспарлы түрде ғана кей өнімдерді зерттеуден өткізеді. Комитеттің бас сарапшысы
Гүлбану Есдәулетова ең алдымен өнімнің құжатына зер салу керек екенін мәлімдеген еді.
Мақала Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен жазылды.
Толық ақпаратты
сілтеме арқылы оқи аласыз.