Іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларының қауіпсіздік дағдыларын дамыту, үйде, мектепте және көшеде жарақат алудың алдын алу және өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру болды.
Іс-шара туралы қысқаша ақпарат: 2026 жылдың 6 сәуірінде «Ана мектебі» қоғамдық қоры Астана қаласы әкімдігінің №14 мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары арасында жарақат алудың алдын алу бойынша семинар мен тренинг өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға мектепте, үйде және көшеде жарақат алудың ең көп таралған себептері мен қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Жол қозғалысы ережелерін сақтауға, спортпен шұғылдану кезінде сақ болуға және тұрмыстық заттарды қауіпсіз пайдалануға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға жарақат алудың алдын алу және төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Әртүрлі өмірлік жағдайлар интерактивті түрде қарастырылып, алынған білімдерін нығайтты.
Іс-шара белсенді өтті; оқушылар қызығушылық танытты, сұрақтар қойды және талқылауға қатысты.
Қатысушылар саны: 27 адам
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.