Астана қаласында орналасқан №69 мектеп-гимназиясында ересектерге арналған иммундау бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты - халықтың иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, вакцинацияға деген сенімді арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу болды.

Іс-шара туралы қысқаша ақпарат: 2026 жылдың 14 сәуірінде «Ана мектебі» қоғамдық қоры Астана әкімдігінің К. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында иммундау бойынша семинар мен тренинг өткізді. Семинар ата-аналар үшін ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алудағы вакцинацияның рөлі, ұлттық иммундау кестесі, вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат берілді. Сарапшылар ықтимал жағымсыз реакциялар мен қарсы көрсеткіштерге қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

Балалар мен ересектерді уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығына, табын иммунитетін дамытуға және ата-аналардың балаларының денсаулығы үшін жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар сенімді медициналық ақпарат алу және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар алды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.

Қатысушылар саны: 27 адам
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
14.04.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda