"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен А. Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінде оқушылардың жан-жақты дамуы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында маңызды семинар өткізілді.
Семинардың негізгі тақырыптары:
- Жастар арасындағы мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу;
- Психикалық денсаулықты сақтау және нығайту;
Іс-шара барысында қатысушыларға жасөспірімдер арасында кездесетін қауіп-қатерлердің себептері мен салдары, олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, психикалық денсаулықтың маңыздылығы, күйзелісті жеңу, эмоционалдық тұрақтылықты дамыту жөнінде пайдалы ұсыныстар айтылды.
Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Осындай маңызды шаралар жастардың саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді.