"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Ғ. Орманов атындағы 7 мектеп-гимназиясында оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық лекция өткізілді.
Іс-шара барысында дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, күнделікті ас мәзірін тиімді құру, фастфуд пен газдалған сусындардың зияны, дәрумендер мен пайдалы тағамдардың ағзаға әсері туралы ақпарат берілді.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы әдеттерді қалыптастыру жолдарын талқылады.
Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтының негізі және болашақ денсаулықтың берік іргетасы.