№65 мектеп-лицейінде «Ана мектебі» қорының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау тақырыбында дәрістер өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-лицейінде оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды тақырыптарда лекциялар өткізілді.

1. Дұрыс тамақтану

Лекция барысында оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы түсіндірілді. Күнделікті тағам рационында дәрумендер мен пайдалы элементтердің болуы, фаст-фудтан бас тарту, уақытылы тамақтану туралы ақпарат берілді. Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі екені ерекше атап өтілді.

2. Физикалық белсенділік

Оқушыларға дене белсенділігінің адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы айтылды. Күнделікті қозғалыс, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу - денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі екені түсіндірілді.

Лекциялар оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
05.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda