"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №69 мектеп - гимназиясында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Вейп, алкоголь және есірткі жасөспірім миына қалай әсер етеді?» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында жасөспірім ағзасының әлі де даму кезеңінде болатыны, ал зиянды әдеттердің есте сақтау, эмоцияны басқару, мінез-құлық және оқу үлгеріміне кері әсер ететіні туралы маңызды ақпараттар берілді.
Оқушылармен ашық форматта пікір алмасып, денсаулықты сақтау мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығы талқыланды.