"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №45 жайлы мектебінде 8–9 сынып оқушыларына арналған «Психоактивті заттар дегеніміз не? Олардың зияны, белгілері мен салдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында психоактивті заттардың адам ағзасына, әсіресе жасөспірімдердің психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін кері әсері туралы айтылды.
Сонымен қатар зиянды әдеттердің алғашқы белгілері, тәуелділіктің салдары және оның болашақ өмірге әсері талқыланды.
Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді.