Республикалық медициналық академияда «Ана мектебі» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен ақпараттық-профилактикалық шара өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Республикалық медициналық академия ұйымында студенттерге арналған ақпараттық-профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, психикалық денсаулықты сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау тақырыптары талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, пайдалы ақпараттар мен кеңестер берілді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың денсаулық мәдениетін арттырып, саналы әрі қауіпсіз өмір салтын насихаттау.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
06.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda