«Ана мектебі» ҚҚ және «MUNARAT - 1» балабақшасы бірлесіп, Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» жанұялық эстафетасын ұйымдастырды.
"Ана мектебі" ҚҚ және "MUNARAT - 1" балабақшасымен бірге Отбасы күніне арналған “Отбасы – бақыт мекені” атты жанұялық эстафета жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Қонақта:

Жұман Марат Тыржанұлы Астана қ. “Есіл” ауданы бойынша “Әкелер Одағы” РҚБ төрағасы.
Астана қаласы “Әкелер Одағы” РҚБ филиалының төраға орынбасары. Астана қаласы “Есіл” ауданы бойынша жасөспірім балалар құқығын қорғау комиссия мүшесі;

Есмаганбетова Светлана Хасенқызы - кәсіпкер, қоғам белсендісі, ҚХА республикалық "Аналар кеңесі" мүшесі;

Арайлым Рахымқызы - ҚХА республикалық "Аналар кеңесінің" мүшесі, Бабалар аманаты тарихи, мәдени қоғамдық қорының төрайымы,ҚР ның еңбек сіңірген қайраткері болды.

Шараның басты мақсаты - отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафета барысында ата-аналар мен бүлдіршіндер түрлі қызықты сайыстарға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.

Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әр отбасы өздерінің татулығы мен бірлігін таныта білді. Балалардың қуанышты күлкісі мен ата-аналардың қолдауы мерекенің ерекше атмосферасын айқындады.

Осындай игі шаралар арқылы отбасының қоғамдағы маңызы артып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі одан әрі нығая түседі.

Барлық қатысушы отбасыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Әр отбасыға амандық, бірлік пен бақыт тілейміз!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda